Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал теңізінің 26,3 гектар құрғаған ұлтанына сексеуіл отырғызылды

Арал теңізінің 26,3 гектар құрғаған ұлтанына сексеуіл отырғызылды

Соңғы 5 жылда орман көлемін арттыру үшін облыстық бюджет есебінен орман көлемін арттыру жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тлшісі.
«Облыс аумағында мемлекеттік орман қорының көлемі 6,5 млн гектарды құраса, оның 3,1 млн гектары – орманды алқаптар. Орманды алқаптың 89%-ын негізгі орман құраушы сексеуіл ағаштары алып жатыр. Соңғы 5 жылда орман көлемін арттыру үшін облыстық бюджеттен орман қорына 55 мың гектерға орманды толықтыру жұмыстары жүргізіліп, оның 26,3 гектары Арал теңізінің құрғаған ұлтанына егілді», - дейді Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
Оның айтуынша, бюджеттен тыс қаржы көздерін тарту арқылы экологиялық жобалар жүзеге асырылуда.
«мысалы, Корея Республикасының қайтарымсыз 1,7 млн АҚШ доллары қаржысына Арал теңізінің құрғаған бөлігіндегі 13,3 гектар жерге 5 млн сексеуіл отырғызылды. Сонымен қатар, Дүниежүзілік банктің қайтарымсыз 4,3 млн АҚШ доллар қаржысы есебінен жоспарланып отырған «Қазақстан ландшафтарын қалпына келтіру» жобасы аясында Арал теңізінің құрғаған ұлтанына фито-орман мелиорациясы жобасын жалғастыру жөнінде Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне ұсыныс енгіздік», - дейді ол.
inform.kz

10 желтоқсан 2020 ж. 527 0