Ақеспе мектебіне жаңа автокөлік табысталды

Жыл басында аудан әкімінің есепті кездесуінде елді мекен тұрғындары ауыл мектебіне автокөлік бөлуді сұраған болатын. Жергілікті тұрғындардың мәселесі назарға алынып, аудандық бюджеттен тиісті қаржы бөлінді.
Енді аудан орталығынан 140 шақырымдай қашықтықта орналасқан ауылдағы мектеп оқушылары жаңа автокөлікпен қатынайтын болады. Қазіргі таңда №237 негізгі мектебінде 71 оқушы білім алуда.
Айта кетейік, 12 орындық «УАЗ 220695-04» маркалы автокөлігі аудандық білім бөлімі арқылы мемлекеттік сатып алудың тәртібіне сәйкес “TEM-Trans» ЖШС арқылы сатып алынды.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
