Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАРАТЕРЕҢ МЕКТЕБІНЕ ЖАҢА АВТОКӨЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

ҚАРАТЕРЕҢ МЕКТЕБІНЕ ЖАҢА АВТОКӨЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

Кеше ауданға қарасты Қаратерең ауылдық округінде орналасқан №82 орта мектебі жаңа автобуспен қамтылды.
Еске сала кетейік, жыл басында аудан әкімінің есебінде Қаратерең халқы оқушылар тасымалындағы қиындықты шешу үшін автокөлік бөлуді сұраған болатын. Бүгінде жергілікті тұрғындардың мәселесі оң шешімін тауып, аудандық бюджеттен тиісті қаржы бөлінген болатын. Осыған орай бүгін аудан әкімі Мухтар Оразбаев аудандық білім бөлімінің басшысы Санира Жанназароваға жаңа автобустың кілтін табыс етті.
Ендігі жерде аталған мектеп қабырғасында білім алушы көне Қаратерең және Тастақ елді мекендерінің оқушылары аталған мектепке еш қиындықсыз қатынайтын болады.
Айта кету керек, жаңа «ПАЗ 32053-70» маркалы автобусы аудандық білім бөлімі арқылы мемлекеттік сатып алудың тәртібіне сәйкес «»Sky Motors» ЖШС арқылы сатып алынды.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.


12 тамыз 2020 ж. 1 337 0