Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚОСАМАНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕКЕТ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

ҚОСАМАНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕКЕТ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Күні кеше ауданға қарасты Қосаман елді мекенінде медициналық бекет ел игілігіне берілді.
Алдағы уақытта жергілікті тұрғындар қажет болған жағдайда тиісті ем-домын талапқа сай, жаңа дәрігерлік орталықта қабылдайтын болады.
Жаңа әрі жайлы нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысып, 
-«Бүгінде ауданымызда денсаулық сақтау саласында оң өзгерістер орын алып, жағымды жаңалықтарымыз көбеюде. Өткен жылы аудан орталығында 150 орындық орталық аурухана, Бекбауыл елді мекенінде дәрігерлік амбулатория, Жаңақұрылыс елдімекенінде фельдшерлік-акушерлік бекет, Сазды, Ақбай, Тастақ елді мекендерінің медициналық бекеттерінің жаңа ғимараттары салынып, пайдалануға берілді. 
Бірнеше жылдан бері Қосаман ауылдық округінде медициналық бекет қажеттілігі туындап келсе, бұл мәселе де оңтайлы шешімін тапты.
 Ендігі жерде бұл орталықтың қызметкерлері халыққа сапалы қызмет көрсететініне сенемін», - дей келе ақжарма тілегін жеткізді.
Ізгі лебіздер легін одан әрі ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қашқанқұл Латипов жалғап, көпшілік қуанышымен бөлісті.
Алғашқы көмекке қажетті құралдармен толық жабдықталған нысанда дәрігерлер мен емделушілер үшін барлық жағдай жасалған.
Айта кету керек, биылғы жылы Шөмішкөл елді мекенінде де осындай медициналық бекеттің құрылысы жүргізілді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
12 қараша 2019 ж. 1 047 0