Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 20 желтоқсанға арналған ауа райы

20 желтоқсанға арналған ауа райы

20 желтоқсанда елдің басым бөлігінде қар жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Түнде Қазақстан аумағының орталық және шығыс бөлігіне циклон ықпал етеді.
Салдарынан кей жерлерде қар жауады, оңтүстікте – жауын-шашын, түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Күндіз циклон солтүстік-шығысқа қарай жылжып, елдің басым бөлігіне Солтүстік-батыс антициклоны әсер ете бастайды.
Осыған байланысты батыс аудандарда жауын-шашын жаумайды.
Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, жаяу бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, түнде және таңертең жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
kyzylorda-news.kz
20 желтоқсан 2020 ж. 228 0