Қазақстанда ескі көліктерді утилизацияға өткізу уақыты тоқтатылады
Қазақстанда ескі техникаларды утилизацияға өткізу уақыты 24 желтоқсаннан бастап уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz.
«Құрметті автокөлік иелері, 40 мың бірлік ескірген көлікті утилизацияға қабылдаудың жылдық жоспарының мерзімінен бұрын орындалуына байланысты, сіздерге ескі көліктерді жинау пункттерінің жұмыс кестесіндегі өзгерістер туралы хабарлаймыз.
2020 жылдың 23 желтоқсанында Қазақстанның 17 аймағындағы ТжКБ қабылдау пункттері ескі жеңіл көліктерді, жолаушылар мен жүк көліктерін қабылдауды аяқтайды. Автокөлік иелерінен түскен өтініштер электронды кезек бойынша сағат 17.00-ге дейін қаралады», делінген хабарламада.
Белгіленгендей, 2020 жылғы 24-31 желтоқсан аралығында қабылдау пункттерінде жиналған техниканы престеу процесіне және Қарағанды облысындағы қайта өңдеу зауытына жеткізуге дайын болады.
kyzylorda-news.kz