Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 23 желтоқсанға арналған ауа-райы болжамы

23 желтоқсанға арналған ауа-райы болжамы

Еліміздің басым бөлігінде боран, тұман және көктайғақ болады деп күтіледі.
23 желтоқсан бойынша Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан жел түнде 15-20 м / с құрайды, ал күндіз - 15-20 м / с, ұйытқу екпіні - 23-28 м / с. Петропавлда бұрқасынды боран болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан жел - 15-20 м/с, ал күндіз 25 м / с құрайды. Қатты боранның болу ықтималдығы - 90-95%.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі деп күтіледі. Қатты боран соғу ықтималдығы 85-90% құрайды.
Ақмола облысының кей жерлерінде жел ұйтқи соғып, қар бұрқасындатады. Оңтүстік-батыстан соққан жел кей жерлерде 15-20 м / с құрайды. Көкшетауда қарлы боран болады деп күтіледі. Қатты боран соғу ықтималдығы - 90-95%.
Түркістан облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі. Шымкентте түнде тұман түседі. Қатты боранның болу ықтималдығы - 90-95%.
zakon.kz
23 желтоқсан 2020 ж. 618 0