Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа жылда қыздарға не сыйлауға болады?

Жаңа жылда қыздарға не сыйлауға болады?

Нәзік жандыларды қуантқысы келген кез келген жігіт адам оған не сыйлаймын деп бас қатырары анық. Бірі аруларға не керегін нақты білсе, енді бірі не аларын білмей ойланып қалатыны бар. Оның үстіне, 2021 жылғы жаңа жыл – Сиыр жылы, өзге жылдан ерекше. Сондықтан нәзік жанды қарындас-ана, сүйікті-жұбайларымызға осы жаңа жылда не сыйлауға боларын бір пысықтап көрелік.
Әмбебап сыйлықтарға келсек, онда аруларға келесідей сыйлықтарды тарту етуге болады.

1. Әшекей бұйым. Міндетті түрде алтын не гауһар тас алудың қажеті жоқ. Сапасы жақсы зергерлік бұйымдар әйелдің жанды жері. Кез келген аруға кез келген алқалы бұйым сыйлауға болады. Ал қандай бұйым аларын дос-әріптес қыздармен, әйелдермен ақылдасып көрсе болады.

2. Тәтті-таралғы. Нәзік жандыларға тәтті кәмпит, қорап шоколод, дәмді десерт өте ұнайды. Оны бір қорап шәйімен қосып берсеңіз құба-құп.

3. Смартфон. Жаңа телефон, жаңа гаджет қызға қуаныш сыйлайды. Әрине, көбінде заманауи смартфон. Алайда тағы бір жаңа аксессуардың еш артықшылығы жоқ.

4. Үйге әшекей зат. Интерьерге деп ерекше ваза, әдемі картина, қыш құмыра, басқа да үйге көрік сыйлар зат алсаңыз да сұлулыққа жаны құштар арулар үшін таптырмас сыйлық. Қолдан тігілген заттардың да құны ерекше.

5. Жеміс-жидек кәрзеңкесі. Сырты да, іші де әдемі сыйлық. Денсаулыққа да пайдалы. Ал кәрзеңкені өзіңіз қолдан жасасаңыз да болады.

6. Парфюмерия. Қызға, келіншекке не ұнарын жігіттің өзі дәл таппауы мүмкін. Сондықтан ең дұрысы – парфюмерия дүкеніне сертификат сыйлау.

7. Косметика. Косметикалық жинақ – өте жақсы сыйлық. Тек танымал брендтерден алған жөн. Бұған да парфюмерия сынды сертификат сыйлауға болады.

8. Гүл. Бір құшақ раушан жаңа жыл түнінде ару жандар үшін нағыз қуанышты көңіл-күйдің себепшісі болмақ. Қызға ұнайтын гүлді таңдап қолыңызға ұстаңыз.

9. Үлбір тон. Ел ішінде "шуба" атанып кеткен тонды кез келген жігіт адамның қалтасы көтермесі анық. Бірақ оның орнына үлбір күртеше сыйласаңыз да бәрі көңіл үшін.

10. Киім-кешек. Жігітке киім таңдаған қиын. Сондықтан оған да жақсы дүкеннен сертификат сатып алыңыз.
massaget.kz
27 желтоқсан 2020 ж. 1 800 0