COVID-19 ауруының айқын емес белгілері қандай?
Лондондағы Король колледжінің зерттеушілері коронавирус инфекциясының айқын емес белгілерін атады. Бұл туралы Daily Express жазды.
Тізімге аурудың сирек кездесетін белгілері ретінде саналатын бас ауруы мен әлсіздік кірген. Зерттеушілер сонымен қатар тамақ ауруы, тәбеттің төмендеуі, ентігу, мен бөртпені қосқан.
Кейбір жағдайларда коронавирус тек соңғы екі симптом бойынша байқалады.
Ғалымдар COVID-19 індетінің «дәстүрлі» симптомдарын еске түсірді: ұзаққа созылатын жөтел, жоғары температура, дәм мен иістің жоғалуы. Сарапшылар атап өткендей, соңғы белгі өзін-өзі диагностикалау үшін қолданылады.
Осы үрейлі белгілер пайда болған кезде адамдар симптомдардың «классикалық үштігі» болмаса да, дереу өзін-өзі оқшаулап, сынақтан өтуі тиіс.
baq.kz