Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ұн бағасы қымбаттайды

Қазақстанда ұн бағасы қымбаттайды

Биыл әлемде астық бағасы 20%-ке қымбаттады. Бұл туралы 24.kzхабарлады. Сарапшылар ұн бағасы қымбаттаса, халықты қолдау қажет дейді.

Биыл әлемде 758 миллион тонна астық өндірілді. Ал елімізде 3 млн тоннадан астам ұн өндірілген. Бұл былтырғыдан едәуір аз. Экспорт үлесі де 5-10%-ке төмендеді. Оған өнімді сыртқа шығаруға уақытша тыйым салу себеп болды. Дегенмен, ішкі нарық ұнсыз қалған жоқ. Қазақстан астық өңдеушілері одағының президенті Евгений Ганның айтуынша, келесі жылы шығынды өтеп алуға мүмкіндік бар. Келер жылы Қытай нарығы еліміз үшін қайта ашылуы ықтимал.
Бірақ ұн бағасы арзандамайды. Сондықтан өзге де азық-түліктің құны аспандауы мүмкін.
Қазақстан астық өңдеушілері одағының президенті Евгений Ган: «Келесі жылы да астықтың құны өсе береді. Яғни ұн да қымбаттайды. Ішкі нарықтағы жағдайды реттеу үшін азық-түлік келісімшарт корпорациясының нақты жұмыс істеуі қажет. Аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін әлеуметтік карталарды іске қосу керек», – дейді.
aikyn.kz

29 желтоқсан 2020 ж. 607 0