Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы 5 пайызға өседі

Қазақстанда асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы 5 пайызға өседі

2021 жылдан бастап Қазақстанда мүгедектігі және асыраушысынан айрылғаны үшін берілетін төлемдер 5 пайызға өседі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

1 қаңтарға дейін мүгедек және асыраушысынан айырылған ретінде тіркелген қазақстандықтардың жәрдемақысын көтері туралы бұйрық шықты. 
"2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған мүгедектік және асыраушысынан айрылу жағдайлары бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін алынған әлеуметтік төлемдер сомасының бес пайызға көбейтілсін", - делінген үкіметтің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы қаулысында. 
Бұйрық 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
stan.kz
30 желтоқсан 2020 ж. 559 0