Жаңа жылда ақша сыйлау қауіпті ме?
Коронавирус пандемиясы кезінде қолма қол ақша ең қауіпсіз сыйлықтар тізімінен шығып қалды, себебі жүздеген мың адамның қолынан өтетін купюра микробтардың нағыз ошағына айналды. Алайда сарапшылар купюрадағы вирусты өлтіру үшін оны бернеше сағатқа нөлден төмен температураға қою қажет екенін айтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Күнделікті ұстайтын заттар инфекция тасымалдаушы болып саналады. Сол себепті конвертке салынған ескі қолма қол ақша қазір ең қауіпсіз сыйлықтар қатарына жатпайды. Себебі жүздеген мың адамның қолынан өтетін купюра инфекцияның ошағына айналады», – деді эпидемиолог Ольга Ненастина.
Ол тұмау мен коронавирус вирустары әдетте қағазда және жылы, ылғалды ортада ұзақ өмір сүретінін айтты.
Ал Ресей медециналық академиясының вирусология кафедрасының меңгерушісі Елена Малинникова коронавирустың 4-10 градус жылы температурада тұрақсызданатынын жеткізді.
«Коронавирус ылғалды және қалыпты температура болған жерде өмір сүреді, ол жылуды ұнатпайды. Ол үшін желдету жоқ жерлерде болған әлдеқайда тиімді. Ал дезинфекция жасалған беттердегі инфекция өліп қалады», – деп түсіндірді Малинникова.
Коронавирус қағаз ақшада қанша уақыт сақталады деген сұраққа вирусолог ақшаны ғана емес, басқа да заттарды бірнеше сағат құрғақ, жақсы желдетілетін, суық жерге қою вирус мөлшерінің күрт төмендеуіне және инфекция дозасының азаюына алып келетінін айтты. Ал соның нәтижесінде вирус өледі.
Медицина ғылымдарының докторы, иммунолог, аса қауіпті инфекциялар жөніндегі маман Владислав Жемчугов пандемия кезінде қолма қол ақша берудің қауіпсіз екенін, алайда белгілі бір шарттарды сақтау қажет екенін айтты.
Оның айтуынша, коронавирус суыққа сезімтал келеді. Сондықтан төмен температура кезінде ол бір сағат ішінде өлуі мүмкін. Ал аяз шамамен 10 градус болса, вирусты жеңу үшін бір минут жеткілікті.
«Егер қағаз ақшаны балконға шығарып қойса, таңертең ол қауіпті болмайды. Бастысы ақшаның ұшып кетпеуін бақылау керек», – дейді Жемчугов.
Ал инфекционист-дәрігер Ирина Шилкина ақшаны жаңа жылға арналған ең жақсы сыйлық деп санамайды. Ал егер ақша сыйлау керек болса, оны карта арқылы аудара салуға болады.
kyzylorda-news.kz