Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастарды жұмыспен қамтуға жағдай жасайды

Жастарды жұмыспен қамтуға жағдай жасайды

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Мейрам Қалиева Қамыстыбас ауылының тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
«Nur Otan» партиясы және оның «Jas Otan» жастар қанаты жастардың жан-жақты қолдауын күшейтеді. Мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, ауылдағы жастарды жұмыспен қамтуға, олардың әлеуетін дамыту үшін жағдай жасайды.
«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы шеңберінде жас мамандарды тартуға, жәрдемдесуге ықпал жасайды. Сондай-ақ, «Жас кәсіпкер» жастардың кәсіпкерлік бастамаларын дамыту бағдарламаларын іске асыруға және жастардың өз бизнестерін бастау үшін жыл сайын 180 грант бере отырып, жастардың өз бизнесін ашуына септігін тигізеді.
Осы тұрғыда Қамыстыбас ауылының тұрғыны Жанболат Үмбетовтың шеберхана­ сында орын алды. Негізгі мамандығы тарих пәнінің мұғалімі болса да, 15 жыл бұрын кәсіп ашып, бүгінгі күні сол кәсібі шеберлікке ұласып, отбасын асырап, еңбегінің жемісін көруде. Жанболат – ағаш шебері, темірден түйін түйеді, өнертапқыш. Сөзге сараң жігіт өз сызбасымен, ерекше дизайнда еңселі үй салған, үйдің есік-терезесін, жиһазын, дарбазасын өзі жасап шыққан. Жасаған дүниелері талғамға сай, көңілге қонады. Әсіресе өзі жасаған механизммен ашып-жабылатын гараждың есігі таңғалдырды, – дейді М.Қалиева.
Бұл кездесуден де керемет әсер алып, көңілі толды. Жанболат отбасымен «Nur Otan» партиясын қолдайтынын айтты.

«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Арал ауданы сайлау қорының қаражатынан төленді 
01 қаңтар 2021 ж. 377 0