Жұмыссыз жастар саны азаяды

«Nur Otan» партиясы және оның «Jas Otan» жастар қанаты жастардың жан-жақты қолдауын күшейтеді. Мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, ауылдағы жастарды жұмыспен қамтуға және оның әлеуетін дамыту үшін жағдай жасайды.Ол үшін «Nur Otan» партиясы:
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде білікті жас мамандарды тартуға жәрдемдесу (әлеуметтік қолдау, тұрғын үй, көтерме жәрдемақы).
«Жас Кәсіпкер» жастардың кәсіпкерлік бастамаларын дамыту бағдарламаларын іске асыруға және жастардың өз бизнестерін бастау үшін жыл сайын 180 грант бере отырып жастардың өз бизнесін ашуына мүмкіндік жасалады. Арал қаласы, Сексеуіл, Жақсықылыш кенттері және 22 ауылдық округтерден волонтерлік клубтар құру арқылы еріктілер қозғалысының дамуына ықпал етеді.2025 жылға қарай 250 жас маманды ауылға тұрақтандыру, жастардың жұмыссыздық деңгейін 4,1 пайыздан 3,9 пайызға азайту жоспарлануда, - деді Т.Қанатов.
