Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас кәсіпкерлерге 120 грант беріледі

Жас кәсіпкерлерге 120 грант беріледі

«Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткер Тілеп Ибайдулла «Есіктен есікке» акциясы аясында аудан тұрғыны Тәжібай Әбсеметтің үйіне барды.
Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.Сонда Қазалы ауданында кезең-кезеңімен 54 білім беру объектісінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізілетіндігі, медициналық ұйымдарды жоғары технологиялық құралдармен жабдықталатындығы, 23 ауылдық дәрігерлік амбулаторияның құрылысын аяқтап және 9 ресурстық инклюзивтік орталықтарды ашу жоспарланып отырғанын айтты. Сонымен қатар партияның жастарды қолдау бағытында ауданда жүзеге асыруды көздеп отырған бастамаларын тілге тиек етті.
«Nur Otan» партиясы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 375 жас маманды ауылға тұрақтандыру үшін тұрғын үй беру, көтерме жәрдемақы беріп жағдай жасайды. Аудандағы 2500 жұмыссыз жастардың жыл сайын 500-і тұрақты жұмыспен қамтылуына жәрдемдеседі. «Жас кәсіпкер» жастар бизнес-бастамаларын іске асыруға және жыл сайын кемінде 120 грант бере отырып, жастардың өз бизнесін ашуына жәрдемдеседі. Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті және 19 ауылдық округтерде волонтерлік клуб құру арқылы волонтерлік қозғалысты дамытуды көтермелейді. «Жасыл ел» еңбек жасағымен жыл сайын 100 жасты уақытша жұмыспен қамтылады, – деді үміткер.
«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.
23 желтоқсан 2020 ж. 377 0