Өзін-өзі жұмыспен қамтушылармен кездесу
Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Төребек Дәрмағамбетов өзін-өзі қамтушылармен кездесу өткізді.
Үміткер кездесу барысында «Nur Otan» партиясының бағдарламасымен таныстырып, жоспарлы жұмыстардың басым бағыттарына тоқталды.
–«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстыру мақсатында ауданымыздың кәсіпкерлерімен кездесу жүргізілді. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасымен грант ұсынуға басымдық берілмек. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қажетті барлық мәселелер көтерілді. Әсіресе пандемия уақытында маңызы артқан медицина, білім беру, ІТ салаларын дамытудың жолдарына екпін берілді. Соның ішінде пандемия салдарынан дамуы тежелген кәсіпкерлік саласын қолдау күшейе түсті. Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Бастау-Бизнес», «Бизнес-Кеңесші» курсымен жыл сайын 450-ден аса азаматты өз кәсібін ашуға, оқытуға және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде кем дегенде 20 жобаға жеңілдетілген несиелер ұсынуы да бағдарламада айқын көрініс тапқан. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында ауданды дамытудың 7 бағытының бірі – кәсіпкерлікті қолдау. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, «Жас кәсіпкер» жастардың кәсіпкерлік бастамаларын дамыту бағдарламаларын іске асыруға және жастардың өз бизнестерін ашуға жыл сайын 180 грант бөлінетіні ашық айтылған, – дейді Т.Дәрмағамбетов.
Алдағы уақытта кәсіпкерлер үшін бизнесті дамыту басты мақсатқа қойылған. Кездесу барысында кәсіпкерлер өздерінің тың ойларымен бөлісіп, алғыс білдірді.
«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Арал ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді