Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аяқтың жылынбауы қандай аурулардан хабар беретіні айтылды

Аяқтың жылынбауы қандай аурулардан хабар беретіні айтылды

Аяз буған далада ұзақ уақыт болу немесе салқын суға шомылу секілді түрлі жағдайлармен байланысы жоқ басқа уақытта аяқтың тастай суық болып тұруы қан тамырларының және неврологиялық аурулардан хабар береді. Бұл жайында Ирина Ляскина есімді ресейлік невролог дәрігер Бесінші арнаға берген сұхбатында айтты. Егер аяғыңыз жылынбаса, медициналық тексеруден өтуне кеңес береді. «Симптом Рейно дерті, полинейропатиялық түрлі аурулардан (сусамырдан, ішімдікті шектен тыс тұтынудан, ауыр металдармен созылмалы уланудан, бауыр немес бүйрек ауруларынан) белгі беруі мүмкін», - деп мәлімдеді білікті маман. Ал профилактика үшін жылы әрі тар емес аяқ киімдерді киюге кеңес беріп отыр. Сонымен қатар, жасанды немесе синтетикалық материалдардан тігілген аяқ киімдерге жоламаған дұрыс. Ұйқыға жатар алдында аяқты теңіз тұзы қосылған жылы суға жарты сағаттай малып отыру да көмкетесетінін тілге тиек етті. Күн суытқанда ақуызға бай тағамдар мен құс етін және жеміс-жидек пен көкөністі жиі тұтынуға үндеді.
05 қаңтар 2021 ж. 608 0