Қазалыда түйе ұрлаған Арал ауданының тұрғыны ұсталды

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті 51 жастағы Арал ауданының тұрғынын ұстады. Күдіктінің басқа да мал ұрлығының дерегіне қатыстылығы тексерілуде.
Тәртіп сақшылары күдіктіге ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.
Осы фактіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188/1 бабы 1 бөлігіне (мал ұрлығы) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
kyzylorda-news.kz