Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Денсаулыққа зиянды таңғы 3 әрекет

Денсаулыққа зиянды таңғы 3 әрекет

Танымал британдық дәрігер әрі тележүргізуші Мириам Стоппард таңертең жасауға болмайтын денсаулыққа зиянды 3 әрекетті атады. Бұл әрекеттер кейбіреулер үшін әдетке айналып кеткен де болуы мүмкін.
Таңертең ұйқыдан толық оянбай ауыр физикалық жаттығулар жасауға болмайды. Өйткені ағзада су аз болады және тері тіндері созылуға дайын тұрмайды. Бұдан денеге күш түседі.

"Оянғаннан кейін бірден оқыс қимыл жасағаннан омыртқа жылжып кетуі де мүмкін" - дейді Мириам Стоппард.

Сарапшы сондай-ақ таңда бір стақан апельсин шырынын ішу де ағзаға зиян екенін алға тартады. Себебі апельсин шырыны зат алмасуды жеделдетеді, қандағы қант мөлшерін күрт көтереді. Бұған инсулин ұйқыдан оянған кезде бірден жеткілікті деңгейде бөлінбейді.

Мириам Стоппард таңертең ояна сала ашқарынға бір шыны кофе ішу де зиян екенін ескертеді. Кофе қандағы қант мөлшерін бір жарым есе жоғарылатады.

massaget.kz

13 қаңтар 2021 ж. 453 0