Мен неге кедеймін?

"Мен неге кедеймін?"– деп сұрады.
Ғұлама кісі оған қарап:
– Себебі сен ақжүрек, кеңпейіл емессің,– деп жауап берді.
Кедей ондай жомарт болуым үшін өте бай болуым керек деген оймен:
– Мен ондай атымтай жомарт болуым үшін қолымда көп дүние болуы керек емес пе, ал менің қолымда басқаларға үлестіріп тарататын ештеңе жоқ,– деді.
Киелі кісі:
– Өзің айтқандай жомарт болу үшін сенің қолыңда бес түрлі нәрсе бар, бірақ сен сол мәрттікті пайдаланбай жүрсің,– деді.
Кедей байғұстың көзі бақырайып:
– Айтыңызшы, ол қандай бес нәрсе? – деп сұрады.
Әулие:
– Сен өзіңнің нұрлы жүзіңмен, оң қас-қабағыңмен қоршаған жұртқа әдемі күлкі сыйлай алар едің, бірақ соны істемей жүрсің.
- Әдемі көздеріңмен басқа адамдарға сүйіспеншілік пен қамқорлықты көрсетер едің, бірақ оны да жасамай жүрсің.
- Жаратушымыздың саған берген әдемі аузымен басқалар үшін құнды әңгімелер айта алар едің, бірақ оны да істемей жүрсің.
-Сен өз жүрегіңмен басқаларға бақыт тілей алар едің, оны амал қылып жүрген жоқсың.
-Жалпы алғанда сен өз тәніңмен басқа адамдарға көп жақсылық жасай алар едің, бірақ оны да істемей жүрсің,– деген екен.
mazhab.kz