Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Құлақ шуылдауы – дәрумен жетіспеуінен

Құлақ шуылдауы – дәрумен жетіспеуінен

Адам ағзасына B12 дәрумені жетпесе, құлағы жиі шуылдауы мүмкін. Америка ғалымдары осындай тұжырым шығарды. Зерттеу нәтижесін жариялаған - Express басылымы.
АҚШ Ұлттық денсаулық институтының мамандары құлағында шуыл көбейген әрі дәрумен жетпеген науқастарға 6 апта бойы B12 витаминін беріп, нәтижесін бақылаған. Ем-шара аяқталған сәтте науқастар да жағдайы жақсарғанын, құлағындағы шуыл басылғанын айтқан. Олардың күш-қуаты да артып, есте сақтау қабілеті жақсарған екен.

B12 - ми жұмысына қажет дәрумен. Ағзаға B12 жетпесе, миелиннің бөлінуі азайып, мидың сигнал беру қабілеті нашарлайды. ДНҚ бөлінуі кеміп, қанның қызыл түйіршіктері азайып кетуі ықтимал.

Жақында Ұлыбритания Король ұлттық комитетінің мамандары коронавирус жұқтырудың тағы бір белгісі құлақта шуыл көбеюі деген еді. Ковидтің мұндай белгісі кейінгі кезде ғана анықталды. Қазір ғалымдар осы бағытта зерттеу жасап жатыр. 

massaget.kz
15 қаңтар 2021 ж. 534 0