Ақшаны неден аяуға болмайды?
Кейде ақшаны көбірек құртып, кейін үнемдеуге болады. Мысалы:
1. Аяқ киім: Аяғыңызға киген аяқ киіміңіз атақты брендтен болмауы мүмкін. Бірақ, аяққа үйлесімді әрі жайлы болуы міндетті. Аяқ киіміңіз дұрыс болмаса, артқаңыз бен омыртқаңызға салмақ түседі. кейін буындарыңызға әсер етеді. Ал, арзанға ала салған сапасыз аяқ киімдер тез иістеніп, кейін тіпті гигиеналық аулардың пайда болуына алып келеді. Кейбірі тез тозады.
2. Медициналық қызметтер:
Еш жеріңіз ауырмаса да жылына бір рет тексерістен өту артық етпейді. Өйткені, медициналық қызметтер болашақта қаражаттыңызды үнемуге көмектеседі. Аурудың алдын алу, енді басталған сәтінде емделу арзанға шығады. Қарапайым түрде, тістің бұзылған эмалін қалып келтіру, имплант қондырғаннан екі есе арзан.
3. Тіс щеткасы:
Тіс емханаларының көбеюі сұраныстың артуымен түсіндіріледі.Ал, сұраныс неге артады. Тіс күтімі дұрыс болмағандықтан, тісімізге зақым келеді. Оның барлығы тіс щеткасының дұрыс болмауымен байланысты. Арнайы дәріханалардан тіске арналған сапалы щетканы алғаныңыз жөн. Тек алып қана қоймай, қолдаундың маңызды екенін естен шығармаңыз.
4. Білім:
Бағаның жоғары болуы сапаның соған сай екенін білдірмейді. Бірақ, үнемдеудің де қажеті жоқ. Егер білімді орынды қолданса, сіз жоғалтқан қаражатты екі есе етіп қайтаруға мүмкіндігіңіз бар. Есте сақтаңыз: ақша сіз диплом мен сертификат алғанда ғана емес, білім алғанда ғана қайта келеді.
5. Тамақ:
Ақшаны тамақтан үнемдеуге болады, бірақ оны да орнымен жасаған дұрыс. Кейбір тамақтар тек арзан емес, құрамы жағынан пайдасыз болуы мүмкін. Макарон өнімдері мен картопты арзан болғаны үшін қолдануға болады, бірақ, денсаулықты сақтау соншалықты оңай емес. Сондықтан, тамақ аларда тек бағаға емес, құндылығына да назар аударыңыз.
massaget.kz