Есікті үш рет қағудың сыры

Қасындағылар оның қайтып кеткенін айтады. Хазірет Омар (р.а.) артынан адам жіберіп, Әбу Мұсаны шақыртып алады да, «Неге күтпедің?» – деп сұрайды. Сонда Әбу Мұса (р.а.) тұрып: «Расулалла бізге: «Бір жерге кірмек болсаңдар, алдымен есікті үш рет қағып рұқсат сұраңдар, егер рұқсат берілмесе, кері қайтыңдар», – деген еді» – дейді.
Хазірет Омар: «Мен бұл айтқаныңды естімеппін, бұған куәң бар ма?» – деп сұрайды. Әбу Мұса (р.а.) Пайғамбар мешітіне келіп, мән-жайды сол жерде жиналған сахабаларға баяндайды. Үбәй ибн Кағыб: «Мұны нақтылау үшін жасы үлкендерді жіберіп әурелеудің қажеті жоқ, өйткені мұны жастардың өзі жақсы біледі», – деп куәлікке Әбу Саид әл-Хұдриді Омарға (р.а.) жібереді.
Омар (р.а.) мән-жайдың анық-қанығына көз жеткізген соң: «Мен саған кінә артайын деген ниеттен аулақпын. Бар ойым кез келген біреудің «Расулалла айтқан» деп өтірік қауесет таратуынан қауіптенемін», – дейді.
muslim.kzОмар (р.а.) мән-жайдың анық-қанығына көз жеткізген соң: «Мен саған кінә артайын деген ниеттен аулақпын. Бар ойым кез келген біреудің «Расулалла айтқан» деп өтірік қауесет таратуынан қауіптенемін», – дейді.