Зейнетақы жинағын алу: Үш сағатта 4 мыңнан астам өтінім тіркелді

«Бүгін сағат 09:00-ден бастап enpf-otbasy.kz арнайы сайты іске қосылды. Содан бергі үш сағат ішінде 4 509 өтінім қабылданды. Қазіргі кезде өтінім қабылдайтын сайт қалыпты режимде жұмыс істеп тұр», – деді баспасөз қызметінің маманы.
Банк мәліметінше, зейнетақының бір бөлігін аударуға арналған 65 мыңға тарта арнайы шот ашылды.
kyzylorda-news.kz