Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жедел штаб отырысы өтті

Жедел штаб отырысы өтті

Жақында аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен жедел штаб отырысы өткізілді. Жиынның күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.
Алдымен аудан басшысы еліміздегі және облыстағы эпидемиялогиялық жағдайға тоқталып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пәрменді жұмыстарды күшейту қажет екендігін айтты.

Сонымен қатар, аудан аумағында індеттің таралуына жол бермеу үшін қоғамдық орындар мен кәсіпкерлік нысандарда санитарлық талаптардың қатаң сақталуын қадағалауды мобильді топ мүшелеріне тапсырды.

Штаб отырысында екінші болып қала тазалығы мәселесі қаралды. Аудан әкімі қала аумағында рұқсат етілмеген жерге қоқыстардың ретсіз тасталмауы қажеттігін айтып, жауапты мекемелерге тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру үшін тиісті шаралар жүргізу керек екендігін жеткізді.

Кеңес қорытындысы бойынша арнайы құрылған мобильді топтар мен жауапты сала басшыларына сақтықты күшейту , коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау және алдын алу бойынша қабылданатын тиісті шараларды назардан тыс қалдырмау жөнінде тапсырмалар жүктелді.
"Толқын" ақпарат 

24 қаңтар 2021 ж. 540 0