Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алақанның қызаруы неге қауіпті

Алақанның қызаруы неге қауіпті

Қызыл алақан қауіпті аурудың себебі болуы мүмкін - алкогольсіз стеатогепатит. Бұл туралы АҚШ-тағы "Мэйо" клиникасының мамандары айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Олардың айтуынша, болашақта бұл ауру бауыр циррозына айналуы ықтимал. 
Сонымен қатар, оның белгілері арасында сарапшылар шаршауды, іштің жоғарғы оң жақ бұрышындағы ауырсынуды және қолайсыздықты, ентігуді, тері астындағы қан тамырларының кеңеюін, көз бен терінің сарғыш түсін атады.
Қазіргі уақытта кейбір пациенттің бауырында неліктен май жиналатынын белгісіз, бірақ оны дәрігерлер артық салмақ, екінші типті қант диабеті және инсулинге төзімділікті қоздыратын факторларға жатқызады.
Алкогольсіз стеатогепатиттің алдын алу үшін дәрігерлер дұрыс тамақтануды, дене салмағын қалыпты ұстауды және үнемі жаттығулар жасауды ұсынады.

stan.kz


25 қаңтар 2021 ж. 2 081 0