Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тауық етін пайдаланар алдында жуу қауіпті болып шықты

Тауық етін пайдаланар алдында жуу қауіпті болып шықты

АҚШ-тағы Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары бірлестігінің мамандары тауық етін пайдаланар алдында жуу қауіпті екенін анықтады. 

Тауық етін жуу кезінде оның сөліндегі бактериялар ас үй жабдықтарына тап болып, артынша адам организміне түсуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Mirror басылымына сілтеме жасап. 
Тауық етінде сальмонеллёз және кампилобактериозды тасымалдаушылар болуы мүмкін. Өз кезегінде олар адамның тамақтан улануына алып келуі ықтимал. 
Сондықтан ғалымдар тауық етін жуудың қажеті жоқ екенін айтады. Оны дұрыстап пісірудің өзі жеткілікті, дейді мамандар. 
Сонымен қатар ғалымдар тауық етін турау үшін жеке тақташа арнауға кеңес береді. Ал тауық етін сақтау үшін, оны бір реттік қолданысқа арналған пакетке салып, мұздатқышқа салып қою керек. 
Ал ресейлік терапевт дәрігерлер шетелдік ғалымдардың мәлімдемесін жоққа шығарып отыр.  «Пятый канал» арнасының мәліметінше, дәрігерлер тауық етін жуу керектігін айтқан. Әйтпесе бактериялардан арылу мүмкін емес, дейді олар. 
09 мамыр 2019 ж. 831 0