Синоптиктер алдағы үш тәулікте ауа райы қандай болатынын болжады

Қазақстанның солтүстік өңірлері жылынады, қар жауып, аяздың беті қайтады.
Республика бойынша кей жерде тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте бұрқасын болады.
26 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында күндіз қар жауады, ауа температурасы -4, -6 градус, ал түнде -11, -13°C болады.
Алматыда күндіз күн бұлтты болады, ауа температурасы -3, -5°C, түнде -11–13°C.
Шымкентте күн ашық болады, ауа температурасы +2, +4 градус, түнде -8, -10 грдаусты көрсетіп тұр.
kyzylorda-news.kz