Айыппұлды уақытылы төлеңіз!
Әкімшілік айыппұлдарды жеңілдікпен төлеу мүмкіндігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатқанына қарамастан, құқық бұзушылықтар мен түсініспеушіліктер туындауда.
Егер уәкілетті органмен әкімшілік хаттама рәсімдеу барысында өз кінәңізді мойындасаңыз, 7 тәулік ішінде салынған айыппұлдың 50 пайызын төлеу мүмкіндігін пайдалана аласыз.
Мысалы, егер жүргізушіге қатысты қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқарсаңыз, оған 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 14 585 теңге айыппұл салынады.
Осы жағдайда жүргізуші өз кінәсін мойыңдап, салынған айыппұлмен келіссе, ол айыппұлдың 50 пайызын, яғни 7292,5 теңгені 7 тәулік ішінде төлеуге құқығы бар.
Ал 7 тәулік ішінде төленбеген жағдайда, айыппұлды толық төлеу қажет болады.
Егер айыппұл 30 күн мерзімде төленбеген немесе төленген түбіртек уақытылы өткізілмеген болса, ерікті төлеу мерзімінің өтуіне байланысты әкімшілік қаулы мәжбүрлеп орындату мақсатында жеке сот орындаушыларына жолданады.
Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтынын есте сақтау керек!
Арал аудандық прокуратурасы