Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Аудан тұрғындарының назарына !

Аудан тұрғындарының назарына !

Арал ауданының полиция бөлімі тарапынан ағымдағы жылдың 28 -тамызы мен қыркүйек айының 25-і күндері аралығында "БОРЫШКЕР" жедел профилактикалық іс шарасы өткізілуде.
Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша шығарылған қаулыны уақытында яғни, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама рәсімделген күннен бастап 7 тәулік ішінде салынған айппұлды төлеу, сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық қаулысы шыққан күннен 30 (отыз) күн мерзімде ерікті түрде айыппұлды өндіру жөнінде, сонымен қатар 30 тәулікте өз еркімен төленбеген айыппұлдар ҚР ӘҚБтК-нің 894 бабына сәйкес өндіру үшін сот орындаушылар палатасына жолданатындығы жөнінде аудан тұрғындарына бөлімнің әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында бөлімнің Әкімшілік полиция бөлімшесі, Жергілікті полиция қызмет бөлімшесі, жергілікті атқарушы органдары, сот орындаушылары өкілдерімен бірлесе отырып, борышкерлерге айыппұлдарды мәжбүрлеп орындау шараларын қолдана отырып, рейдтік іс-шаралар өткізілуде.
Әкімшілік айыппұлдарды төлемеген борышкерлерге айыппұлды заңмен белгіленген мерзімде төлеулеріңізді сұраймыз!
Айыппұлға қатысты сұрақты Арал қаласы, Бақтыбай батыр көшесі 29 мекен жайынан білуге болатындығын хабарлаймыз.
Арал ауданының Полиция бөлімі ӘПб
18 қыркүйек 2020 ж. 897 0