Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар айыппұлды қалай тексеріп, төлей алады?

Қазақстандықтар айыппұлды қалай тексеріп, төлей алады?

Елордалық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы азаматтардың өзіне айыппұл салынған-салынбағанын қалай тексеруге болатынын түсіндірді,

Әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, айыппұлдарды egov.kz электрондық үкімет порталын онлайн пайдалана отырып, qamqor.gov.kz сайтында құқық бұзушылықтың фото суретін қарау мүмкіндігімен,
Ал айыппұлды екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу кассаларында, cондай-ақ Kaspi.KZ, egov.kz, HandyPay, MyPay, Homebank.kz және тағы басқаларының көмегімен төлей аласыз. Түбіртекті WhatsApp мессенджрі арқылы 8-776-197-23-48 нөміріне жіберуге болады. 
«Жоғарыда келтірілген әдістер бойынша айыппұл төлеген кезде айыппұлды төлеу туралы белгі автоматты түрде дерек қорға енеді және азаматтарға ішкі істер органдарына түбіртек жіберудің қажеті жоқ», - дейді әкімшілік полиция басқармасындағылар.
05 шілде 2019 ж. 486 0