Ғалия Әбенова: Вакцинадан қорқудың қажеті жоқ
Қызылорда облысында «Covid-19» коронавирус инфекциясына қарсы екпе жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай қызылордалық дәрігерлер аймақ тұрғындарын екпе қабылдауға шақырады.
Қазірігі таңда дүниежүзінде қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтанбауына байланысты короновирусқа қарсы вакцинациялауды қолдаймын. Өңірде ақпан айынан басталды. Екпені тек 18-65 жас аралығындағы адамдар салдыруда. Вакцина тек қана адамның өз еркімен ғана салынады.
Қазіргі уақытқа біз ести бермейтін ауруларды қарасақ, аурушандықтың жаппай белең алуы бұрыңғы уақыттарда да орын алған. Вакцинациялау нәтижесінде ол ауруларды мүлде ұмыттық десек те болады. Дәрігер ретінде вакцинациялауды қолдаймын. Еш қорқудың қажеті жоқ.
Ғалия Әбенова,
Көп бейінді Қызылорда облыстық ауруханасының
реабилитация-1 бөлімшесінің меңгерушісі