Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Көлікке берілетін техникалық төлқұжат деген не?

Көлікке берілетін техникалық төлқұжат деген не?

Жақында ҚР Парламенті ел аумағында көлікті жүргiзушi куәлiгiнсіз және көлікті тіркеу құжатынсыз басқаруға рұқсат ететін заңды қабылдап, қол қою үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жіберді.
Жүргізуші құжатының не екенін көбіміз білеміз, ал техникалық төлқұжатқа келгенде ақпарымыз аз екені байқалады. Сонымен көліктің техникалық төлқұжаты не екеніне көз жүгіртіп көрелік.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен бекітілген көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік жүргізушілерді даярлау, Емтихан қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы бұйрығына сүйенсек:
Тағы оқыңыз: Жүргізуші куәлігінен не себепті бас тартуға болмайды? 
Техникалық төлқұжат дегеніміз – көліктің техникалық параметрлеріне сәйкестігін белгілеуге мүмкіндік беретін ақпаратты қамтитын құжат (КҚТК, басқа мемлекетте берілген КҚТК, көлік құралының паспорты, дайындаушы зауыттың қабылдап алу-беру актісі). Ол темір тұлпар жайлы барлық ақпарат (шығарылған не ЕЭО аумағына кіргізілген жылы, өлшемі, салмағы, қозғалтқыш көлемі және т.б.) жазылатын көліктің туу туралы куәлігі іспеттес құжат.

Техникалық төлқұжатта көлік туралы барлық ақпараттан бөлек көліктің иесі туралы мәліметтер сақталған чип орнатылған. Чипте мына ақпарат сақталады: 

- көлік иесі;
- техникалық байқау;
- шектеулер (мүліктің ауыртпалығы);
- автокөлікке қатысты жол апаты (болған күні, уақыты мен орны, болған зинының сипаттамасы, одометрдің көрсеткіші);
- жасалған жөндеу жұмыстары (қашан, қайда жасалғаны, жұмыстардың атауы мен түрі, одометр көрсеткіштері) жайлы қосымша мәліметтер де тіркеледі.

Көлікті сатып аларда берілетін техникалық төлқұжатты алудың екі жолы бар. Біріншісі, мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады. Екіншісі, көлікті онлайн форматта тіркеп, техникалық құжатты үйге жеткізу қызметімен тапсырыс беруге мүмкіндік бар. 

Техникалық төлқұжатты жоғалтқан жағдайда қалай қайта қалпына келтіруге болатыны мына мақалада жазылған.

02 ақпан 2021 ж. 830 0