Apple Iphone 12 өндірісін тоқтатады
Apple компаниясы 2021 жылдың екінші тоқсанында IPhone 12 mini өндірісін тоқтады, деп хабарлайды ixbt.com.
Өткен жылдың қазанында компания iPhone 12: iPhone 12 mini, Phone 12 Pro және iPhone 12 Pro Max ұялы телефондарын шығара бастаған.
iPhone 12 mini 5,4 дюймдік OLED дисплейімен жабдықталған, Apple-дің ең арзан жаңа смартфоны болып саналады. Ұялы телефон арзан болғанына қарамастан қазіргі таңда ең нашар сатылатын модель болып отыр. Оның сатылымдағы үлесі – 6%.
Жақында танымал JPMorgan Chase инвестициялық ұйымы iPhone 12 телефондарының сатылымына қатысты болжамды жариялады.
Сарапшы Уильям Янгтің болжамынша, iPhone 12 және iPhone 12 mini смартфондарын өндіру 9 және 11 миллионға азаюы мүмкін.
Сонымен қатар ол iPhone 12 mini-ге сұраныз аз екенін, әлемдегі нарықта өтпей жатқанын атап өтті. Уильям Янг дереккөзге сілтеме жасай отырып, компания 2021 жылдың екінші тоқсанында iPhone 12 mini телефонын шығаруды тоқтататынын айтты.
Тағы оқыңыз: Әлемдегі ең танымал мобильді қосымша анықталды
Алайда Apple смартфондардың жаңа желісінде кішкентай модель пайда болады деп жоспарлап отыр. Сондай-ақ сарапшы iPhone 12 Pro Max телефонының 11 миллион бірлігі сатылуы мүмкін деп болжам жасады.
baq.kz