Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда жүргізуші жол көлік оқиғасын жасап, мүліктік залал келтірген

Аралда жүргізуші жол көлік оқиғасын жасап, мүліктік залал келтірген

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610-бабының 3-бөлігімен азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, азамат Б. көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ адам бола тұра, «Ауди 100» маркалы автокөлігін басқарып, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларын сақтамай, алдында кетіп бара жатқан «Лада 210740» маркалы автокөлігіне соқтығысып, жәбірленуші Е-ге мүліктік залал келтірген.
Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.
Сот қаулысымен құқық бұзушы Б. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 122 514 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
10 ақпан 2021 ж. 307 0