Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді науқастар дәрігерлердің есігін тоздырмайды

Енді науқастар дәрігерлердің есігін тоздырмайды

Қазақстанда дәрігерлердің ауруларды қабылдау бөмесіндегі жұмыс қағидасы өзгереді. Енді науқастар мамандардың кеңселеріне бармайды, дәрігерлер оларға келетін болады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкіметтік емес сектордың өкілдерімен кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Елжан Біртановтың айтуынша, көбінесе адамдар ауруларды қабылдау бөлмесіндегі жұмысқа шағымданады, себебі ондағы жұмыстар дәрігерге бағытталған.
«Әрбір дәрігердің өз кабинеті бар. Ал науқастар дәлізде тұрады, болмаса орындықтарда күтіп отырады. Бірінші оған кіру керек, содан соң басқа дәрігерге, сосын анализ тапсырады. Бұл қағиданы өзгертуді бастап кеттік. Енді науқас бір орында отырады, ал оған бәрі келіп анализ алады, кардиограммаға түсіреді, ем-дом жасайды», - деді минстр.
Ол науқастарға көмек көрсетудің мұндай қағидасы осы жылы енгізілетінін атап өтті. Қазіргі таңда барлық қабылдаушы бқлімшелердің меңгерушілері оқытылп жатыр.
«Өлім-жітімді төмендету мақсатында жасап жатқан жұмыстардың нәтижесін жақын арада нақты бағалайтын боламыз», - деді Елжан Біртанов.
Baq.kz ​​​
26 мамыр 2018 ж. 1 721 0