Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлия Назарбаева анасы туралы жазба жариялады

Әлия Назарбаева анасы туралы жазба жариялады

Ол Сара Назарбаева үлес қосқан жобалар арқасында көптеген адамның өмірі жақсы жаққа өзгергенін атап өтті.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Әлия Назарбаева анасы Сара Назарбаеваны 80 жылдық мерейтойымен құттықтады. Ол өзінің Instagram парақшасында жазба жариялады.

"Ана кез келген жан үшін ең бірінші, ең маңызды адам. Ана жүрегі - қуаныш пен шабыт көзі. Аналарымыз жанымызда болғанда біз бала болып қала береміз. Бүгін біздің отбасымызда - мереке, менің сүйікті анамның туған күні. Шын жүректен құттықтаймын", - деп жазды ол.
Ол анасы үлес қосқан жобалар арқасында көптеген адамның өмірі жақсы жаққа өзгергенін атап өтті.

"Әйелдің миссиясы - өмірді жетілдіру, оған махаббат пен жарық сыйлау", – деп толықтырды Әлия Назарбаев.

Анасына үнемі қолдау көрсетіп, көңіл бөлгені, жылулық сыйлағаны үшін алғыс білдірді.

Сара Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы Қызылжар ауылында дүниеге келген. Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын "экономист" мамандығы бойынша бітірген.

1962 жылы 25 тамызда Тәуелсіз Қазақстанның болашақ тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрмысқа шықты.

Сара Назарбаева – 1992 жылдың ақпанынан бастап "Бөбек" халықаралық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті.

1994 жылдың шілдесінен "SOS – Қазақстанның балалар ауылы" қорының президенті, 1999 жылдың наурызынан "Демография" қайырымдылық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы.

caravan.kz​​​
13 ақпан 2021 ж. 506 0