Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұcқаулық: Kaspi.kz қосымшасында көлікті қалай тіркейміз?

Нұcқаулық: Kaspi.kz қосымшасында көлікті қалай тіркейміз?

Жақында Ішкі істер министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп, екінші деңгейдегі банктер мобильді қосымшасында көлік құралын қайта тіркеу сервисін таныстырды.
Бұрын автокөлікті тек мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында немесе eGov.kz порталында тіркеуге болатын еді. Енді бұл мемлекеттік қызмет Kaspi.kz қосымшасында пайда болды. Министрлік өкілінің айтуынша, алдағы уақытта Homebank, Сбербанк секілді басқа банктердің мобильді қосымшасында да көлікті тіркеуге болады.

Сатушы автомобильді қосымшадағы есептен шығарғанда, сервис көлік құралына ауыртпалықты, айыппұлды және салық берешегін автоматты түрде тексереді. Төленбеген салық пен айыппұлды бірден қосымшада төлеуге мүмкіндік жасалған. Сатып алушы ақшасын аударып, баж салығын төлеп, автокөлікті есепке қояды. Ал мемлекеттік нөмір белгісін онлайн форматта таңдайды.

Жаңа сервистің арқасында көлікті сатушы мен сатып алушы мемлекеттік органдарға жүгінбей-ақ, өз бетінше рәсімдей алады. Сатып алушы құжатты және мемлекеттік нөмірді «Электронды үкімет» порталы арқылы үйге дейін әкеледі не өзі барып ала алады.

Көлікті қайта тіркеу сервисі әзірге тек Kaspi.kz қосымшасында ғана бар. Назарыңызға көлікті қалай қайта тіркеу керегін ұсынамыз.

Алдымен көліктің иесі Kaspi.kz қосымшасының «Төлемдер» (Платежи) бөліміндегі «Мемлекеттік қызметтер, айыппұлдар, салықтар» (Госуслуги, штраф, налоги) қызметіне өтіп, «Автокөлікті қайта тіркеуді» (Переоформление автомобиля) таңдауы қажет.

Содан соң, сатушы көліктің сататын бағасын енгізіп, көлікті тіркеуден шығарады. Ал сатып алушы Kaspi.kz арнайы шотына белгіленген соманы құйып, қосымша арқылы көлікті өз атына тіркейді. Бәрі сәтті өткен жағдайда, қаржы сатушының көрсетілген шотына түседі.

Тағы бір айта кетерлігі, дәл қазіргі уақытта Халық банк қосымшасында осыған ұқсас қызмет, атап айтқанда несиеге сатылған автокөлікті қайта тіркеу қызметі бар.

massaget.kz
14 ақпан 2021 ж. 522 0