Телефоннан өшіру қажет қосымшалар аталды
Смартфоннан кейбір қосымшаларды өшіру керек. Себебі оның бірінің ешқандай пайдасы болмаса, енді бірі зиян болуы мүмкін, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сарапшылардың сөзінше, алғашқы «зиян» қосымша – нөмірді анықтайтын бағдарламалар. Мақала авторының сөзінше, мұндай бағдарламалар адамдардың нөмірі жазылған барлық мәліметті көшіріп алады және сіздің атыңыз бен нөміріңіз кез келген адамның қолына түсуі мүмкін.
Тағы бір зиян бағдарламалардың бірі «батареяны үнемдеуге көмектесетін» қосымшалар. Оқырмандар тек телефондағы энергия сақтау функциясын қолдануды ұсынды, себебі ол қосымшалардың шын мәнінде ешқандай пайдасы жоқ.
Сонымен қатар, «телефон жадын тазалауға» көмектесетін қосымшалардың да пайдасы жоқ.
Шолушылардың мәліметінше, шам, QR-кодтар мен құжаттарды сканерлеуге арналған қосымшалардың да пайдасы жоқ екен.
kyzylorda-news.kz