«Сапалы жол» жобасы аясында кездесу өтті

Кездесуге департаменттің аса маңызды істер жөніндегі офицері Баймаханов Ануар Аймырзаұлы, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Қызылорда облысы филиалы басшысы Куштаев Ерболат Серіұлы, Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Әбсұлтанов Қайрат Байғабылұлы, қалалық және автомобиль жолдары бөлімдерінің басшылығы, автожол саласына қатысты мердігер мекемелердің басшылығы қатысты.
Шара барысында облысымыздағы «Сапалы жол» жобасы аясында облыс көлемінде жүргізіліп жатқан жол-құрылыс жұмыстарына қатысты мониторинг жұмыстары мен «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Қызылорда облысы филиалының қорытындысымен берілген ұсыныстар бойынша хабарламалар тыңдалып, мердігерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Қазақстан Республикасының Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті