Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

23 ақпанда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде құбылмалы райы сақталады, кей жерлерде қар жауады, солтүстік-батыста және солтүстікте қалың қар жауады. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында күн райы ашық болуы ықтимал. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғады, жел күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с болады, күндіз жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болуы мүмкін.
kyzylorda-news.kz