Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Qoldau 24/7» қосымшасының артықшылығы көп

«Qoldau 24/7» қосымшасының артықшылығы көп

МӘМС жүйесі бойынша жеңілдік санатқа жатқызылған азаматтар сақтандыру мәртебесін «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы арқылы ала алады. Сондай-ақ, осы қосымша арқылы емдеу мекемелеріне шағым түсіруге болады.Тиісті құжаттарды «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасына жүктеу арқылы да жеңілдік санатына жатқызылған азаматтардың мәртебесін сақтандыруға болады. Аталмыш қосымша және Call-орталықтары арқылы жыл басынан 14 шағым түскен.
«Біздің басты мақсатымыздың бірі -тұрғындардың сапалы медициналық қызмет алуына бақылау жүргізіп, олардың құқығын қорғау. Халық жаңа жүйені әлі толық меңгермегені байқалады. Мәселен, емделушінің құқығы бұзылса, қайда хабарласатынын білмейді. Сондықтан, арнайы қосымшалар іске қосылды. Онда келіп түскен өтінішті дер кезінде қарап, оң шешімін шығарамыз. Емделушілерге сала мамандарынан кеңес алуға да мүмкіндік қарастырдық», - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.
Айта кетейік, МӘМС жүйесі жарна мөлшеріне қарамастан, барлық сақтандырылған адамдардың қызметтер пакетіне тең қолжетімділігіне негізделген. Яғни, мүмкіндігіне қарай төлем жасаған әр азамат қажетіне қарай, МӘМС шеңберінде медициналық көмек алу үшін жүгінген кезде ем алады, медициналық қызметтердің көлемі мен құны шектелмейді.
egemen.kz
24 ақпан 2021 ж. 373 0