«Парасат жолы» жобасы аясында қарқынды жұмыстар жүргізілуде

«Парасат жолы» жобасы - адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілетуге бағытталған.
Ғалия Ұбайдуллақызы шара барысында департамент тарапынан кітапхана басшыларына «Парасат жолы» орталықтарың ашылуына қажетті әдістемелік көмек көрсететіндігін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған таратпа материалдармен қамтамасыз ететіндігін хабарлап өтті.
Сонымен қатар,«Парасат жолы»орталығының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланып, қатысушылардың сауалдарына жауаптар берілді.

Қазақстан Республикасының Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті