Қазақстандағы ең жоғарғы зейнетақы мөлшері белгілі болды

2021 жылдың 1 ақпанына қарай БЖЗҚ 167 423 алушыға төлем жасады. Барлығы 73,8 млрд теңгеге 172 мыңнан астам зейнетақы төлемдері, біржолғы зейнетақы төлемдері және сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде:
біржолғы зейнетақы төлемдері - 49,6 миллиард теңге;
сақтандыру ұйымдарына аударымдар - 9,1 миллиард теңге;
зейнеткерлік жасқа толу бойынша төлемдер - 6,5 миллиард теңге;
мұрагерлік бойынша төлемдер - 5,9 миллиард теңге;
тұрақты тұруға кетуге байланысты - 2,1 миллиард теңге;
жерлеуге төленетін төлемдер - 0,4 миллиард теңге;
мүгедектік бойынша төлемдер - 0,2 миллиард теңге.
Айта кетейік, кесте бойынша зейнетақы жасына жетуіне байланысты ай сайынғы орташа төлем сомасы 25 886 теңгені құрады, ал ең жоғарғы төлем - 522 610 теңге.