Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал өнерінің анасы 75 жаста!

Арал өнерінің анасы 75 жаста!


Арал өнерінің анасы, әнші
Базар ҚОСТАЕВАҒА! 
Танисыздар, ел мен жұрттан сұратпай,
Келе жатқан өнер туын құлатпай.
Сахнаға жарты ғасыр сән берген,
Музасы ол асыл тектің Мұраттай.

Өнер жайын тамыршыдай елеген,
Айналасын ән-думанға бөлеген.
Базар апа - жыр отаудың анасы,
Қос тірегі - Жандос пенен Төлеген.

Көпке мәлім, айтпасақ та бұл дерек,
Қимылына тәнті болып "шөлдеп" ек.
Бұл - Базардың айдай аппақ аруы-
Сәнираның билегені - бір бөлек.

Көңілінде шуақ шашқан бар көктем,
Шам-шыраққа теңер едік жарқ еткен.
Күй-ағада сірә-дағы арман жоқ,
Ақ Базардай адал жанды жар еткен!

Ерғали АБДУЛЛА
04 наурыз 2021 ж. 512 0