Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар адам денесінен тағы бір ми тапты

Ғалымдар адам денесінен тағы бір ми тапты

Ғалымдардың айтуынша, "екінші ми" ішектерде орналасқанАдам ағзасында ішектерде орналасқан "екінші ми" бар, австралиялық ғалымдар оның қалай жұмыс істейтінін анықтады, деп жазады РИА Новости.
Энтеральды (ішек – автор ескер.) жүйке жүйесі  (ЭЖЖ) ішек-қарын жолының жұмысын реттейтін миллиондаған нейроннан тұрады. Бұл жүйе ми мен жұлыннан тұратын орталық жүйеке жүйесінен бөлек жұмыс істейді. 
"Бұл шынымен де өз алдына бөлек бір ми", — деген Флиндерс университетінің профессоры Ник Спенсер ЭЖЖ-ны "алғашқы ми" деп атауға болатынын, себебі бұл жүйе эволюция барысында орталық жүйке жүйесінен бұрын пайда болғанын атап өтті. 
Ғалымдар тышқандардың тоқ ішектерінің нейрондарындағы электрлік импульске сараптама жасады. Белгілі болғандай, энтеральды жүйке жүйесі ішектегі бұлшықеттің жиырылуына себепші болатын қоздырғыш және кедергі келтіретін нейрондарды қозғалысқа келтірді.
Зерттеу авторларының айтуынша, бұған дейін ғылым ЭЖЖ-ның миллиондаған жасушасы электр импульстарын бір мезетте түрлендіріп отыратынынан бейхабар болды.

sputniknews.kz
02 маусым 2018 ж. 1 426 0