Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлықпен күрес жаңа кезеңде

Жемқорлықпен күрес жаңа кезеңде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерге үлкен сенім артып, олардың адалдығы, әділдігі және өз жұмысына деген жауапкершіліктері қоғам мен азаматтардың сеніміне одан әрі ие болуға талап қоюда. Мемлекеттік және құқық қорғау органдарында өз мүддесін жоғары қоятын қызметкерлерге орын болмау керек, олардың заңсыз әрекеттері қатаң жазалану қажеттілігі 2020 жылдың 19 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қабылданған заңда айқын көрсетілген. Өзгерістер мен толықтырулар Азаматтық, Қылмыстық, Қылмыстық-процестік кодекстеріне, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңдарында орын алған.
Атап айтсақ, «Парақорлықтың ауыр құрамы үшін сотталғандар, яғни айтарлықтай (50-ден 3000 айлық есептік көрсеткішке дейін) және ірі (3000-нан 10000 айлық есептік көрсеткішке дейін) мөлшерде пара алу және беру, құқық қорғау органы қызметкерінің немесе судьяның пара алуы, парақорлыққа бірнеше рет делдал болғандар –жазасын өтеуге ҚАЖ-нің орташа қауіпсіз мекемелеріне, ал аса ірі мөлшерде (10000 айлық есептік көрсеткіштен жоғары) пара алған немесе берген адамдар – қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерге жіберілетін болады.
Олар қоныс-колонияға ауысу үшін үлгілі тәртіп көрсетіп, залалды өтеп қана қоймай, тағайындалған жазаның бір бөлігін түзеу мекемелерінде өтеуі тиіс.
Ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануға тыйым салынды. Алайда, тыйым мұндай қылмыстарды әлеуметтік осал азаматтардың жекелеген санаттарына жататын ( жүкті, жас балалары бар әйелдер, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер, 58 және одан жоғары жастағы әйелдер, 63 және одан жоғары жастағы ерлер, бірінші және екінші топтағы мүгедектер)және ынтымақтастық туралы процестік келісімнің барлық шарттарын орындаған сотталғандарға қатысты қолданылмайды.
Қылмыстық іс бойынша залал толық өтелген және жазаны өтеу кезеңінде жазалар болмаған кезде азаматтардың аталған санаттары жазаның белгілі бір мерзімін іс жүзінде өтегеннен кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін.
Егер бұрын қолданылған нормалар бойынша жоғарыда аталған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жаза мерзімінің кемінде үштен бірін өтеп, шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды талап ете алса, енді оны алу үшін олар жаза мерзімінің кемінде жартысын өтеуі қажет. Тиісінше, аса ауыр сыбайлас жемқорлық құрамдары бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану үшін сотталған тұлға тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен екісін өтеуге тиіс, ал бұрын бұл мерзім белгіленген мерзімнің кемінде жартысын құрайтын болған.
Яғни, сыбайлас жемқорлық үшін, тіпті әлеуметтік осал санаттарға да жауапкершілік заңмен күшейтілді.
Ынтымақтастық туралы процестік келісімнің барлық шарттарын орындаған тұлғаларға Заңмен шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану тек екі негізде жасалуы мүмкін:
1) саралау белгісі болған жағдайда – қылмыстық топта қылмыс жасау (ҰҚТ);
2) сыбайлас жемқорлық қылмыстардың аса ауыр құрамы бойынша (ҚК сәйкес – ҚК-нің 366-бабының 4-бөлігі және 367-бабының 4-бөлігі бойынша пара алу мен берудің екі құрамы, сондай-ақ ҚК-нің 450-бабының 3-ші және 4-бөліктері, 452-бабы 4-бөлігі бойынша әскери қылмыстардың үш құрамы).
Анықтама үшін: ҚПК нормалары бойынша процестік келісімнің екі түрі бар:1) кінәні мойындау туралы мәміле түрінде;
2) ынтымақтастық туралы келісім түрінде.
Пара беру мен парақорлыққа делдал болу, сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу дерегі үшін жауапкершілікті күшейту мақсатында, қабылданған нормаларға назар аударғым келеді. Мысалы, егер бұрын Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігінде көзделген "айтарлықтай мөлшерде пара беру" қылмысы үшін ең жоғары санкция 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды құраса тиісінше, бұл әрекет орташа ауыр қылмыс деп танылды. Ал қазіргі жаңа редакцияға сәйкес, жазаның жоғарғы шегі 7 жылға дейін ұлғайтылды, бұл автоматты түрде ауыр құқықтық салдары бар санатқа–яғни шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салу және қауіпсіздігі төмен қоныс-колониясында жазаны бірден өтеудің мүмкін еместігін көрсетеді.
Бизнесті қорғауды күшейту контексінде, кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтірмеу мақсатында Қылмыстық кодекске жауапкершілікті күшейтетін түзетулер енгізілді.
Енді құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бизнеске араласқаны үшін 2 жылдың орнына, 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасын қолдану қауіпі бар.
Құқық қорғау органдары басшылығының және судьялардың осындай әрекеттерді жасауы одан да қатаң жазаға –яғни, 8 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.
Алайда, пара беруші болмаса пара алушы да болмайды. Сондықтан халық арасында кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізу керек, мемлекеттің азаматтық қоғам институттарымен тығыз ынтымақтастығы қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі мақсаттарына қол жеткізу үшін қоғам мен мемлекет өзара байланысты бірқатар міндеттерді кезең-кезеңімен шешу қажет - қоғамның назарын сыбайлас жемқорлық проблемасына аудару, халықтың оған деген қатынасын бір мағынада негативке өзгерту, сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған кезде тұрғындардың мінез-құлқының моделін өзгерту, жаңа мінез-құлық құндылықтарын құру. Қоғамдық сананы өзгертпей, осы зұлымдықпен тиімді күресу мүмкін емес деп санаймын.
Азаматтарсыбайласжемқорлықпенкүрестіңауырлығынтүсінуікерек.Күшейтілгенсанкцияларқосымшатежеуші фактор боладыдепүміттенеміз.
Пара берушілер де, пара алушылар да қатаң жазаланатын болатындығын азаматтарға жеткізу біздің парызымыз.
Жаңа нормаларға сәйкес парақорлыққа делдалдық жасағаны үшін бірнеше рет, не қылмыстық топпен немесе өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған адамдарға да осындай, қауіпсіздігі төмен қоныс-колониясындажазаны бірден өтеудің мүмкін еместігі және шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салутүріндегі қатаң шаралар қолданылатын болады.
Бас бостандығынан айыру мерзімдерінің ұлғаюынан басқа,пара бергені және парақорлыққа делдал болғаны үшін, айыппұл мөлшеріде бірнеше есеге өсті.
Мысалы, енді қарапайым пара берушілер үшін (50 АЕК дейін) айыппұлдың ең төменгі мөлшері 2 есеге, параның 10 еселенген мөлшерінен 20 еселенген мөлшеріне дейін ұлғайтылды. Егер адам 100 мың теңге пара бергені үшін сотталған болса, онда оған ең төменгі айыппұл ретінде сотпен тағайындалған айыппұл мөлшері 2млн.теңгені құрайды. Осыған дейін, ең төменгі айыппұл мөлшері 1 млн. теңгені құрады.Сол сияқтыделдалдар үшін де айыппұлдың мөлшері 2есеге өсті.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңына енгізілген новеллаларға тоқтала кетсек мемлекеттік қызметшілерге, Парламент депутаттары мен судьяларға шетелдік банктерден шоттар ашуға және иеленуге тыйым салынды. Заңның 12, 14-1, 26-1 баптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілерді лауазымға тағайындау кезінде оларға шетелдегі шоттарын жабуға 6 ай берілетін болады. Жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілерге келсек, оларға да Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан шетелдік банктердегі шоттарын жабуға 6 ай беріледі.Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің шетелдік банктерде шоттарының болуына құқық беретін жағдайлар айқындалған.Олардың қатарына шетелде жұмыс істеу, оқу, тағылымдамадан өту, іс-сапарға бару, емделу немесе кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі ретінде шетелде болу жатады.Егер мемлекеттік қызметші шетелдік банктегі шотты жапқысы келмесе және мемлекеттік қызметтен кетуге ниет білдірсе, онда ол Заңның 26-1 бабына сәйкес өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш беруге құқылы.
Барлық жаңадан қабылданған заңнамалық талаптар және азаматтар мен қоғам өкілдерінің жемқорлыққа төзбеушілік позициясы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға зор үлес қосатынына сенемін.
Әлімқұлова Ғалия байдуллақызы
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы
17 наурыз 2021 ж. 248 0