Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада сотталған әйелге қайта жаза тағайындалмақ

Қызылордада сотталған әйелге қайта жаза тағайындалмақ

Республика аумағында 15-24 наурыз аралығында «Пробация» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Аталған іс-шара кезінде Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігі бойынша 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталған әйел жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзуға жол бергені үшін Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотына бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы ұсыным жолданды.

Сотталған әйел пробация қызметіне белгіленген күндері тіркелу және өзімен тәрбие жұмысын жүргізу үшін дәлелсіз себептермен бірнеше рет келмеген, яғни шақырту қағаздарын уақытылы ала тұра келмеген.

ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің талаптары бойынша бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған адамның пробация қызметіне белгіленген күндері тіркелу және өзімен тәрбие жұмысын жүргізу үшін дәлелсіз себептермен бірнеше рет келмеуі – жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзушылық болып табылады.

Қазіргі кезде аталған ұсыным іс-құжаттары Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотының өндірісінде.

kyzylorda-news.kz
18 наурыз 2021 ж. 522 0