Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Белгілі қазақстандық журналист Дүрәлі Дүйсебай өмірден өтті

Белгілі қазақстандық журналист Дүрәлі Дүйсебай өмірден өтті

Белгілі қазақстандық журналист Дүрәлі Дүйсебай қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы журналист Қуат Әуесбай өзінің Facebook парақшасында хабарлады.
"Дүрәлі Дүйсебай ағамыз өмірден озды деген қаралы хабар естідік... Дүрағамен "Халық сөзі" газетінде бірге қызметтес болдық, ақкөңіл, жан баласына қылдай қиянаты жоқ азамат еді... Қайран, Дүр-ағам-ай! Туған-туыс, достарына, әріптес баршаңызға қайғыға ортақтаса көңіл айтамын! Иманды болсын!", - деп жазды.
Дүрәлі Дүйсебай бұрын республикадағы ең көне спорттық басылым - «Қазақ спорты» (қазақ спорты) газетінің бас редакторы болып жұмыс істеген. Ол «Мәдениет қайраткері» атағының иегері. Ол ұзақ жылдар бойы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде жұмыс істеді, «Қылмыс және жаза» газетінің бас редакторы болды.
23 наурыз 2021 ж. 468 0