Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қуырылған тағамның қандай қаупі бары анықталды

Қуырылған тағамның қандай қаупі бары анықталды

Қытайлық ғалымдар қуырылған тағамның қауіпті екенін дәлелдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қуырылған тағам жүрек-қан тамырлары аурулары мен инсульт қаупін арттырады. Ғалымдар 562,4 мың адам қатысқан 19 зерттеудің нәтижелеріне талдау жасады. Қатысушыларды бақылаудың орташа мерзімі тоғыз жылдан асты. Осы уақыт ішінде олардың арасында 36,7 мыңы инфаркт немесе инсульт сияқты жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдықты.
Зерттеушілер қуырылған тағам мөлшерінің жүрек-қан тамырлары аурулары, жүректің ишемиялық ауруы және жүрек жеткіліксіздігіне тікелей әсер ететінін анықтады. Аптасына 114 грамм қуырылған тағам қауіпті арта түсіретіні белгілі болды.
Бұған дейін Қытай, Австралия және Катар ғалымдары тауық жұмыртқаларын үнемі тұтынудың зиянын анықтады. Сарапшылар 1991 жылдан 2009 жылға дейін жиналған 8545 адамның тамақтану жайлы деректерін талдады. Күніне бір жұмыртқа жеген адамдарда (50 грамнан астам) ауру қауіпі 60 пайызға артты. Әйелдер арасында бұл көрсеткіш ерлерге қарағанда жоғары болған.


24 наурыз 2021 ж. 965 0